Щучинскідегі дәмханадағы жарылыстан қаза тапқандар саны он бірге жетті
Дәмхана иесі 2 наурызда ұсталып, екі айға қамауға алынды.
Щучинсктегі дәмханада болған жарылыстан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті, деп хабарлайды turkystan.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 8 наурызда «Авиценна-Бурабай» клиникасының жансақтау бөлімінде жатқан ер адам қайтыс болған.
Ал 9 наурызда Көкшетаудағы облыстық көпсалалы ауруханада өрт кезінде ауыр жарақат алған әйел көз жұмды.
Еске сала кетейік, Щучинскідегі дәмханадағы жарылыстан 29 адам зардап шегіп, қайтыс болғандар саны 11 адамға жетті.
Дәмхана иесі 2 наурызда ұсталып, екі айға қамауға алынды. Үкімет өрт қауіпсіздігі мен газ қызметін бақылауды күшейтуді тапсырды.