Әлем

Иран жаңа жоғарғы көшбасшының есімі белгілі болды

Бұл туралы Fars агенттігі хабарлады.

Иранда елдің жаңа жоғарғы көшбасшысы белгілі болды. Бұл қызметке қаза тапқан бұрынғы жетекші Әли Хаменейдің екінші ұлы – 56 жастағы Сейед Моджтаба Хаменеи тағайындалды. Бұл туралы Fars агенттігі хабарлады.

Моджтаба Хаменей – шиит дін қызметкері. Ол Иранның саяси әрі діни орталарында ықпалды тұлғалардың бірі саналады. Бұған дейін ұзақ уақыт бойы жоғарғы көшбасшы әкімшілігінде маңызды қызметтер атқарып, Ислам революциясы сақшылары корпусымен (КСИР) тығыз жұмыс істеген.

Иранның Сарапшылар кеңесі жаңа жоғарғы көшбасшыны 8 наурыз күні таңертең таңдаған. Алайда кеңес хатшылығы бұл шешімді бірден жарияламаған.

Моджтаба Хаменей Иран тарихындағы үшінші жоғарғы көшбасшы атанды. Ол бұл қызметке өмір бойына тағайындалған. Иран Конституциясына сәйкес, жоғарғы көшбасшы қызметіне саяси немесе діни қайраткер үміткер бола алады. Бірақ ол адал әрі тақуа болуы, басқару қабілетіне ие болуы, жақсы беделге ие болуы және елдің ресми діні мен Ислам Республикасының қағидаттарын ұстануы тиіс.

Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджани Моджтаба Хаменейдің кандидатурасы АҚШ президенті Дональд Трамптың Сарапшылар кеңесінің отырысына соққы беру қаупіне қарамастан таңдалғанын айтты.

Сондай-ақ Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) Моджтаба Хаменейге адалдық антын беріп, оның бұйрықтарын орындауға дайын екенін мәлімдеді.