Әлеумет

"Көңілдері көтеріңкі, жүздері қуанышқа толы": Руслан Өтепбай ерекше жазба жариялады

Құндыз көктемнің келуімен шашын сары түске бояуды сұраған.

Елімізге танымал журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде Назгүл мен Құндыздың қазіргі жағдайы туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.

Ол кезінде ауыр тағдырды бастан өткерген қос қыздың бүгінде көңіл күйі өзгеріп, өмірге деген үміті артқанын айтты.

Өтепбайдың сөзінше, қазір Назгүл мен Құндыз қауіпсіз жерде, арнайы орталықта тұрып жатыр. Ол қыздардың жүзінен бұрынғыдай қорқыныш емес, үміттің нұрын байқағанын жеткізді.

Сондай-ақ, Құндыз көктемнің келуімен шашын сары түске бояуды сұраған.

Журналистің пікірінше, бұл оның жаңа өмірге деген қадамы болуы мүмкін. Бұдан бөлек, орталықта өткен мерекелік кеште Назгүл сахнада билеп, ал Құндыз ән айтқан.