Әлеумет

Соңғы тәулікте Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 1,8 мың азамат оралды

Көлік министрлігі соңғы мәліметтерді жариялады.

7 наурыздан 8 наурызға қараған түні Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға Air Astana, SCAT, FlyDubai және Air Arabia әуе компанияларының 11 рейсі орындалды. Осы рейстермен елге 1 786 жолаушы жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

8 наурыз күні де қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары арқылы азаматтарды Қазақстанға қайтару үшін бірқатар рейс орындау жоспарланып отыр.

3 наурыздан бері Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 37 рейс жүзеге асырылып, олардың нәтижесінде 6 254 адам елге оралды.

Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдар мен әуе компанияларының үйлестіруімен жалғасып жатыр.