жұма, 22 қараша, 2024 18:03

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бүгін елімізде Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күні

Бүгін елімізде Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күні
Фото: massaget.kz
Жылдағы дәстүр бойынша ұлттық ғашықтар күні елімізде 15 сәуірде аталып өтеді.

Еліміздің болмысы мен салт-дәстүріне жат "Әулие Валентин" күнінің орнына Қозы мен Баян күнін атап өтуді алғаш рет 1999 жылы қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай ұсынған екен. 

2011 жылы Алматы әкімдігі 15 сәуірді Ұлттық ғашықтар күні ретінде өздерінің ресми шараларының қатарына қосты. Ал 2012 жылы елордадағы Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері махаббат күнін қазақтың ұлттық "Ақсүйек "ойынымен жаңғыртып, жастар ойын-сауығын ұйымдастырады. Дәл сол жылы Көкшетаудың ерікті жастары да Қозы мен Баян күнін Тәуелсіздік алаңында атап өтті. Содан бері қос ғашықтың кіршіксіз сезімін дәріптеп, ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізге негізделген мерекені тойлайтын жастардың саны біртіндеп артып келеді.

Бұл күн ресми түрде бекітілмесе де, қазақстандық қыз-жігіттер арасында Ұлттық ғашықтар күні ретінде кеңінен аталып өтеді. Ғашықтар бір-бірін махаббат күнімен құттықтап, сыйлық тарту етеді, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын іс-шаралар ұйымдастырады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар