Қоғам

«100-ден астам адам эвакуацияланды»: Петропавлда көпқабатты үйде өрт шықты

Өрт үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінде шыққан

Петропавл қаласында 2-я Первомайская көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Өрт үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінде шыққан.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, құтқару жұмыстары барысында түтінге толған подъезден арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен баспалдақ арқылы 27 адам құтқарылды, олардың 15-і балалар. Сонымен қатар үйден 76 адам эвакуацияланды, олардың ішінде 23 бала бар.

Өрт толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған ресми хабарламада