СІМ Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына үндеу жасады
- авторОймақ
- Бүгін, 17:38
- 13
Қазақстан СІМ Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың жалғасуына, сондай-ақ көптеген елдердің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына белсенді әскери іс-қимылдар толық тоқтап, жағдай толық тұрақтанғанға дейін бірқатар елдерге барудан бас тартуды қатаң түрде ұсынады.
Олардың ішінде Бахрейн, Мысыр, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы Корольдігі, Кувейт, Ливан, БАӘ, Оман, Сирия елдері көрсетілген.
“Өңірде жүрген Қазақстан азаматтарын жеке қауіпсіздік шараларын күшейтуге, қауіпті аудандарға бармауға, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауға, соның ішінде зымырандық қауіп туындаған жағдайда дереу баспаналарға/паналау орындарына баруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушыларымен тұрақты байланыста болуға тағы да шақырамыз”, – делінген СІМ хабарламасында.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






