Саясат

Қазақстанда мамырға жоспарланған тағы бір ірі көрме өтпейтін болды

Еліміздегі су тасқынына байланысты 17-19 мамыр күндеріне жоспарлаған Қазақстандағы тауар өндірушілердің VIII "Ұлттық өнім" көрмесі өтпейтін болды.

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының мәліметіне сүйенсек, VIII "Ұлттық өнім" көрмесі Қазақстандағы тауар өндірушілердің өнімдерін насихаттайтын ортаның бірі болған. 

Айта кетейік, су тасқынына байланысты билік бұған дейін тағы екі форумның өтпейтінін хабарлаған еді.