"Көктайғақ, тұман": 7 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазгидромет бірқатар өңірде қолайсыз ауа райы болатынын ескертті.
Қазгидромет 7 наурызда бірқатар өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Синоптиктердің болжамы бойынша, Жетісу облысының оңтүстік, шығыс, орталық және таулы аудандарында кей уақытта тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Талдықорғанда түнде және таңертең тұман мен көктайғақ болады.
Астана қаласында түнде аздаған қар жауып, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады. Жаяу бұрқасын мен көктайғақ байқалады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 метр секундына жетеді.
Қарағанды облысының батысы, солтүстігі және шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ сақталады. Солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні таңертең және күндіз 15-20 метр секундына жетеді. Қарағанды қаласында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады.
Ұлытау облысының батысы, солтүстігі және шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ байқалады. Күндіз осы аудандарда көктайғақ сақталады. Шығыс, оңтүстік және орталық бөліктерінде тұман түседі. Жезқазған қаласында тұман түседі.
Абай облысының солтүстік және оңтүстік аудандарында тұман болады.
Алматы облысының солтүстік, оңтүстік, тау бөктері мен таулы аймақтарында кей уақытта тұман түсіп, жолдарда көктайғақ пайда болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні оңтүстік, тау бөктері және таулы аудандарда 15-20 метр секундына жетеді. Алматы қаласында түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады, кейде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15 метр секундына дейін жетеді.
Қонаев қаласында түнде жолдарда көктайғақ байқалады, кейде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 метр секундына дейін жетеді. Іле Алатауының (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) аумағында 7 наурызда кей уақытта тұман мен көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 метр секундына жетеді.
Маңғыстау облысының батысы, солтүстік-шығысы және орталығында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысы мен орталығында тұман түседі.
Ақтөбе облысында жауын-шашын (жаңбыр мен қар), жаяу бұрқасын және көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстік, оңтүстік және шығыс аудандарында жауын-шашын, жаяу бұрқасын және көктайғақ сақталады. Батыс және солтүстік бөліктерінде тұман түседі. Ақтөбе қаласында күндіз көктайғақ болады.
Атырау облысының солтүстік және шығыс аудандарында тұман мен көктайғақ болады. Жел бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Атырау қаласында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.
Павлодар облысының батысы, солтүстігі және шығысында аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын болады. Күндіз осы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр мен қар), жаяу бұрқасын және көктайғақ байқалады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Павлодар қаласында түнде аздаған қар мен жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын және көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік, шығыс және оңтүстік бөліктерінде тұман болады.
Түркістан облысының таулы аймақтарында көктайғақ болады. Облыстың батысы, солтүстігі, оңтүстігі және таулы аудандарында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, тау асуларында екпіні 15-20 м/с жетеді. Шымкент қаласында кей уақытта тұман болады. Түркістан қаласында 7 наурызда түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр мен қар), жаяу бұрқасын және көктайғақ болады. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында қарқынды жауын-шашын күтіледі. Облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында жауын-шашын, жаяу бұрқасын және көктайғақ байқалады. Түнде және таңертең тұман болады, желдің екпіні – 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын және көктайғақ болады. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр мен қар), жаяу бұрқасын және көктайғақ байқалады. Облыстың батысы, солтүстігі және шығысында тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігі, оңтүстігі және шығысында екпіні 23-28 м/с жетеді. Петропавл қаласында түнде қар мен бұрқасын, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын және көктайғақ болады. Желдің күші түнде – 15-20 м/с, күндіз – 25 м/с.
Батыс Қазақстан облысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр мен қар), жаяу бұрқасын болады. Күндіз облыстың солтүстік және шығыс аудандарында аздаған қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ байқалады. Облыстың батысы, солтүстігі және шығысында тұман болады. Орал қаласында аздаған жауын-шашын, жаяу бұрқасын, тұман және көктайғақ болады.
Жамбыл облысының оңтүстік және шығыс таулы аудандарында кей уақытта тұман, түнде көктайғақ болады. Жел бағыты солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с жетеді. Тараз қаласында кей уақытта тұман және түнде көктайғақ болады.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады. Облыстың шығыс бөлігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ байқалады. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр мен қар), жаяу бұрқасын және көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, түнде облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей уақытта облыстың солтүстігі мен шығысында 25 м/с жетеді. Көкшетау қаласында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр мен қар), жаяу бұрқасын және көктайғақ болады. Желдің екпіні – 15 м/с.