Руханият

Публицист, жазушы Шархан Қазығұлдың "Таңдамалы шығармалар" жинағы жарық көрді

Астанадағы академиялық кітапханада тұсауы кесілді.

Кеше,  6 наурыз күні Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхананың Конституция залында қазақ публицистикасында өзіндік қолтаңбасымен танылған белгілі жазушы-публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шархан Қазығұлдың «Таңдамалы шығармалар жинағы»  кітабының тұсаукесері болып өтті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

«Әлем әйнегіндегі әсемдік», «Дүбәра дүние», «Тоғыз тарау туынды», «Оңашадағы онлайн ойлар», «Палитрасыз портреттер», «Футбол философиясының фрагменттері», «Шалахметов шеңбері», «Сегізінші нота» және тағы басқа публицистикалық кітаптарымен, сондай-ақ «Меценат» әдеби байқауының жеңімпазы атанған «Күлпет» атты романымен оқырманға жақсы таныс Шархан Қазығұлдың 70 жасқа толу мерейтойына орай шығарылған бұл таңдамалы шығармалар жинағына әр жылдары жазылған көркем шығармалары мен нон-фикшн жанрында жазылған публицистикалық дүниелері топтастырылған.

Кітап таныстырылымын мемлекет және қоғам қайраткері Дархан Мыңбай жүргізіп отырды. Іс-шарада мемлекет және қоғам қайраткерлері мен жазушылар кітап туралы ойларымен бөлісті.