жұма, 6 наурыз, 2026 13:10

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жас отбасыларға арналған жеке баспана бағдарламасы әзірлене ме? Премьер-министр жауабы

Жас отбасыларға арналған жеке баспана бағдарламасы әзірлене ме? Премьер-министр жауабы
Фото: ашық дереккөз
Еліміз бойынша 960 мың адам тұрғын үйге мұқтаж. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.

— Бүгінгі таңда азаматтардың (оның ішінде жастардың) тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған «Дипломмен ауылға» (тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру) және «Наурыз» ипотекалық бағдарламасы сынды мемлекеттік қолдау тетіктері бар. Осы ретте тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың жалпы саны республика бойынша шамамен 960 мың адамды құрайтынын ескеру қажет. Мұндай жағдайда тұрғын үй саясатының негізгі қағидаты — барлық азамат үшін тең әрі ашық құқықтық режимді сақтау, яғни тұрғын үйге мұқтаж адамдарды есепке қою және тұрғын үйді бөлу рәсімдерін бірыңғай тәртіппен іске асыру, — деді Премьер-министр.

Оның атап өтуінше, Мемлекет басшысы қол қойған тұрғын үй саясатын реформалау жөніндегі заңнамалық өзгерістерге сәйкес тұрғын үйге мұқтаж адамдарды есепке қоюдың жаңартылған тәртібі енгізілді.

Сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидалары бекітілді. Аталған құқықтық тетіктер тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың барлық санаттарына тең мүмкіндіктер беруге және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған.

— Осыған байланысты тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтар санының қомақты болуына байланысты және қолданыстағы мемлекеттік қолдау құралдары бар болғандықтан жастар мен жас отбасылар үшін бөлек бағдарлама/ерекше құқықтық режим енгізу жалпы қағидаттарды бұзуы және тұрғын үйге мұқтаж өзге азаматтар арасында әлеуметтік теңгерімсіздік тәуекелін арттыруы мүмкін екенін атап өтеміз. Сондықтан ұсынылып отырған бастаманы іске асыру орынсыз деп пайымдаймыз. Ал бұл бағыттағы жұмысты қолданыстағы тетіктер аясында, тең құқықтар мен бірыңғай қағидаттарды сақтай отырып тиімді жүргізу қажет деп санаймыз, — деді Олжас Бектенов.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар