Руханият

8 наурыз: аналарға арналған құрмет

Мереке күніңмен!

Ана туралы жыр

Сөзі: Ғафу Қайырбеков

Әні: Шәмші Қалдаяқов

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Даланың әр гүлін жинадың сен маған
Сен бердің құстардың қанатын самғаған
Балалық құштарың өзіңе арнаған

Қайырмасы:

Әлдилеп, аялап өсірген жемісің
Самал жел саябақ құшағың мен үшін
Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын

Өтеуге борышын анашым жан сырым
Іздедім сен үшін әлемнің асылын
Әлемнің байлығын сыйлар ем кеш мені
Сыйлар ем ай - күнін қолыма түспеді

Қайырмасы:

Әлдилеп, аялап өсірген жемісің
Самал жел саябақ құшағың мен үшін
Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын

Ете көр қанағат, әзірге берерім
Балалық махаббат, балалық жүрегім
Бол риза анашым, қолдағы осы бар
Өзіңе арнаған әнімді қосып ал.

Асыл әжем

Сөзі – Қ. Мырза Әлі

Әні – Н. Тілендиев

Асыл әжем, ғасыр әжем, аңсаған

Сағынышым сары ормандай самсаған,

Әке болып жүргенімді ұмытып

Әлі күнге еркелеймін мен саған. 

Құлындаймын асыр салған аңғарда,

Қозыңдаймын ойнақтаған албарда.

Өзің барда қысылмаймын күлуден,

Жылауға да қысылмаймын сен барда. 

Өзің барда қысылмаймын күлуден,

Жылауға да қысылмаймын сен барда.

Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді, 

Мен өзіңнен қабылдаппын күюді

Сенің жаның жүрегімде ораулы,

Менің жаным жаулығыңа түюлі.

Мама
Әні – А.Зацепин

Сөзі – Ж. Молдағалиев

Солғанша гүлім көзде тұнып,
Ана деп ән салам.
Жүрейін мейлі жүзге толып,
Бөбекпін мен саған.

Қ-сы:
Ана, ана, ана!
Мәңгі дос сен ғана.
Абзал ана, ана!
Көңілің кең дала.
Дарасың сен маған,
Данасың сен маған,
Мақтанатын мархабатым, махаббатым!

Сол үшін ана есіміңмен
Ел – ана деп адам,
Тербеледі бесігіңмен
Жер – ана деп адам

Қарызбын әжім, ақ шашыңа,
Көзіңнің жасына.
Өзіңсің бақыт бақшасы да,
Өмірдің басы да.

Ана мәңгі дос сен ғана!
Ана деп ән салам,
Анашым, жан анам.

Анаға сәлем

Әні – Е.Хасанғалиев

Сөзі – О.Иманәлиев

Мереке күніңмен,

Қарсы алам өзіңді,

Сәбилік үніммен,

Арнаймын сөзімді.

Қайырмасы:

Көргенше алаңмын,

Аңсаймын, толғанам

Қабыл ал балаңның

Сәлемін жолдаған

 

Бөбегің оянса

Ұйқыңнан мың тұрдың

Гүліңмен балауса

Көктемдей құлпырдың

Аялап алақан

Әлпештен өсірген

Аяулы жан анам

Қатемді кешірген

Сырымды ұғатын

Өзіңсің қуатым

Күнімсің шығатын

Айымсың туатын

Анашым

Сөзі – Қ. Жұмағалиев

Әні – М. Омаров

 

Шет жүрсем - сағынарым,

Жабықсам - шағынарым

Анашым, бір өзіңсің 

Табынарым

 

Қайырмасы:

Анашым, шалқып күлсең

Алдымда ұзақ жүрсең

Жүрегім жыр толғайды

Көңілім ортаймайды

Анасы бар адамдар

Ешқашан қартаймайды

Ұшырған сұңқарыңмын

Қияға шырқарыңмың

Бәйгеге өзің қосқан

Тұлпарыңмын

Қорғаным - өзің деймін

Жан дауа - сөзің деймін

Анашым, сені ойласам

Көз ілмеймін...