Әлем

Трамп Иранның жаңа басшысын таңдауға қатысуға ниеті бар екенін білдірді

"Хаменеидің ұлы мен үшін қолайсыз үміткер".

АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранның жаңа рухани жетекшісін анықтау процесіне тікелей қатысуы тиіс екенін мәлімдеді. Axios басылымына берген сұхбатында ол Тегерандағы билік транзитіне қатысты өз ұстанымын ашық білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Трамп өткен сенбіде қаза тапқан аятолла Әли Хаменеидің орнына оның ұлы Моджтабаның келуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты сын айтты. АҚШ президентінің пайымынша, кіші Хаменеи бұл лауазымға лайық тұлға емес.

Сондай-ақ, Ақ үй басшысы Ирандағы билік ауысуын Венесуэла сценарийімен салыстырды. Ол Иранға «бейбітшілік пен үйлесім» әкелетін тұлғаның келуін қалайтынын жеткізді.

Айта кетейік, Трамп мысал ретінде келтірген Делси Родригес биыл қаңтарда Венесуэланың уақытша президенті болған еді. Бұл АҚШ күштері елдің бұрынғы президенті Николас Мадуроны ұстағаннан кейін орын алған болатын.