Ресми мәліметке сәйкес, бұл шешім Қасым-Жомарт Тоқаевтің футболды коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес қабылданған. Қазіргі уақытта ERG директорлар кеңесінің төрағасы әрі бас атқарушы директоры қызметін атқарып жүрген Шухрат Ибрагимов енді «Тобылдың» жаңа бас құрылтайшысы болады.
Шухрат Ибрагимов – 2021 жылы өмірден өткен белгілі кәсіпкер, Әлижан Ибрагимовтің мұрагері. Әлижан Ибрагимов – Eurasian Resources Group компаниясының негізін қалаушылардың бірі.
Ибрагимовтер әулеті ұзақ жылдар бойы әлемдегі ең бай отбасылардың қатарында. Forbes Kazakhstan журналының 2024 жылғы деректеріне сәйкес, отбасының байлығы шамамен 1,5 млрд АҚШ долларына бағаланған.
Айта кетейік, Қостанайдың «Тобылы» өткен маусымда Қазақстан Премьер-Лигасы турнирін үшінші орынмен аяқтады. Сондай-ақ клуб Қазақстан Кубогын жеңіп алып, 2026 жылы ел Суперкубогын да иеленді
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Әлиханның баскиімін арулап жерлеген – Тұңғышбай МҰҚАН
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусинді қабылдады
- авторОймақ
- 4 наурыз, 2026
Мемлекет басшысы бірқатар мемлекет елшілерінен сенім грамоталарын алды
- авторОймақ
- 4 наурыз, 2026






