Балықшы суға батып кетті
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында қайықтан құлаған балықшы суға батып кетті
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында қайықтан құлаған балықшы суға батып кетті.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 14 сәуірде Алтай ауданы Кремнюха ауылынан 10 шақырым жерде болған. Ер адам Ертіс өзеніне балық аулауға барған.
«Белгілі болғандай, ол бұрын орнатылған балық аулау торларын тексеру кезінде қайықтан құлап кеткен. Үстінде құтқару жилеті болмағандықтан қайта шыға алмай суға батты. ТЖД сүңгуірлері сол жерге келіп жетіп, 40 жастағы азаматтың денесін тауып, жағаға алып шықты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына балық аулауға барғанда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, қайыққа отырғанда құтқару кеудешесін міндетті түрде кию керектігін ескертеді.