Air Astana компаниясы 640 адамды тасымалдады
Әуе компаниясы Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият қадағалауда.
Жолаушылардың жалпы саны 640 адам болды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Бұдан әрі аталған жолаушыларды тасымалдау үшін Атыраудан Алматыға 2 рейс және Астанаға 1 рейс орындалды.
4 наурызда ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылатын қосымша екі репатриациялық рейс жоспарланған: Жидда-Ақтау-Алматы және Жидда-Атырау-Алматы. Жиддадан Ақтауға рейс сағат 18:00 ұшып шығып, Ақтауға сағат 01:05+ ұшып келеді, Алматыға сағат 06.05+ ұшып келеді. Жиддадан Атырауға сағат 20:45 ұшып шығып, Атырауға сағат 05:05+ ұшып келеді, Алматыға сағат 09:55+ ұшып келеді. Бәрінде жергілікті уақыт көрсетілген.
Әуе компаниясы Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият қадағалауда.