Хаменейге қалай шабуыл жасалғаны белгілі болды
Құпия операция қалай өтті?
BBC-дің хабарлауынша, Әли Хаменейдің қаза тапқаны туралы шабуыл көпшілік ойлағандай түн ортасында емес, сенбі күні таңертең жасалған.
Басылым дерегінше, бұл шешім АҚШ пен Израиль бірнеше сағат бұрын ғана алған маңызды барлау мәліметіне байланысты қабылданған. Бірнеше ай бойы тараптар жоғары лауазымды ирандық шенеуніктердің бір жерге жиналатын сәтін күтіп келгені айтылады.
Ақпаратқа сәйкес, Хаменей сенбі күні таңертең Иран астанасы Тегеран қаласының орталығындағы ғимараттар кешенінде болған. Сондай-ақ дәл сол уақытта кездесуге жиналған өзге де жоғары шенді әскери басшылар мен барлау қызметкерлерінің орналасқан жері анықталған.
АҚШ пен Израиль бірнеше ай бойы Иранның жоғарғы көшбасшысының қозғалысын бақылап отырған. Қандай нақты әдістер қолданылғаны құпия күйінде қалды. Алайда Дональд Трамп әлеуметтік желідегі жазбаларының бірінде бұл туралы жанама түрде ишара жасаған.
Сарапшылардың пікірінше, Хаменейдің нақты орналасқан жері жергілікті агент арқылы анықталған болуы мүмкін. Сонымен қатар заманауи технологиялардың көмегімен басқа ирандық шенеуніктердің қозғалысын бақылау арқылы да есептеліп шығарылған деген болжам бар.