«Әйелдер жаңа Конституция жобасын қолдайды!» ауқымды іс-шарасы өтті
- авторОймақ
- Бүгін, 14:44
- 28
Бастаманы «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының Әйелдер қанаты «Ақ жол» және «Respublika» партияларының Әйелдер қанаттарымен бірлесе көтерді. Жиынға қоғам, бизнес, ғылым, білім беру және жастар ұйымдарының өкілдері, 500-ден астам белсенді әйел қатысып, Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясына енгізілетін өзгерістер жөніндегі референдумды қолдайтынын білдірді.
-Әйелдер – жаңа Конституция үшін: бірлік, жауапкершілік, болашақ. Сөз барысында жаңартылған Негізгі заңның өзегінде адам құндылығы тұрғаны, тең мүмкіндіктер кепілдігінің кеңейтіліп, әйелдердің ғылымнан бастап цифрлық технологиялар, кәсіпкерлік пен мемлекеттік басқаруға дейінгі барлық саладағы әлеуетін толық ашуға институционалдық негіз қалыптасатынын атап өттім. Әйелдердің белсенді азаматтық ұстанымы – ел жаңғыруының қуатты тірегі, мемлекет болашағын бекемдейтін сенімді күш, — деді «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалициясы Астана қалалық штабының төрағасы Ерлан Каналимов.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





