Әлеумет

Жантүршіктірер оқиға: Жалдамалы пәтерден екі жас баланың денесі табылды

7 ақпанда Түркістан қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі жас баланың денесі табылған

7 ақпанда Түркістан қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі жас баланың денесі табылған, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов қылмыстық істің фактісін растап, балалардың денесі өлім себебін анықтау үшін сараптамаға жіберілгенін хабарлады.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және балалардың қайтыс болғаны мен олардың мекен-жайы туралы құрбысына хабарлаған ананың, яғни Қызылорда облысы тұрғынының орналасқан жерін анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

"Өз балаларын тұншықтырып өлтірді" деген күдікпен іздестіріліп жатқан әйел Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы А.С.Пушкин атындағы №46 мектеп-лицейде мектепке дейінгі сыныпта тәрбиеші болып жұмыс істеген.