Спорт

"Қайрат" наурыз соңында "Зенит" командасымен жолдастық матч өткізеді

Алматылық «Қайрат» футбол клубы 28 наурыз күні Санкт-Петербург қаласында ресейлік «Зенитпен» жолдастық кездесу өткізетінін мәлімдеді.

Клубтың хабарлауынша, аталған ойын екі команда арасындағы серіктестік қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған. Сондай-ақ халықаралық үзіліс кезеңінде футболшылардың ойын ырғағын сақтап қалуына мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» Қазақстан Суперкубогы үшін өткен кездесуде "Тобыл" командасымен алаңға шыққан болатын.