Мигранттар балаларды ұрлап жатыр деген ақпарат жалған – ҚР ІІМ
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жалған «шұғыл хабарландыру» туралы мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан «шұғыл хабарландыру» шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ресми түрде мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, белгісіз дереккөздер арқылы тараған ақпараттың мазмұны расталмаған және қоғамды жаңылыстыруы мүмкін.
Министрлік азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды. Сондай-ақ тексерілмеген мәліметтерді таратуға жол бермеу қажеттігін ескертті.

Құзырлы орган жалған ақпараттың қоғамда дүрбелең туғызуы мүмкін екенін атап өтіп, мұндай әрекеттердің заң аясында қаралатынын еске салды.