Қоғам

Қазақстандықтар елге қайтады: Дубайдан арнайы рейстер ашылды

Flydubai әуе компаниясы Дубайдан Қазақстанға эвакуациялық рейстерді орындай бастайды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

2026 жылғы 3 наурызға қараған түні екі рейс жоспарланған:
— FZ1533 Дубай – Алматы (170 орын);
— FZ1395 Дубай – Астана (170 орын).

Рейстер өңірдегі әуе қатынасына енгізілген шектеулерге байланысты Қазақстан азаматтарын елге қайтару мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жолаушыларға рейстің мәртебесі мен отырғызу талаптарын әуе компаниясынан алдын ала нақтылап алу ұсынылады.