Астанада балалар лифт ішінде қалып қойды
Лифт ішінде қалып қойған балалар құтқарылды.
Астана қаласының 112 қызметіне Сарыарқа ауданы Ш.Қосшығұлұлы көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің бірінің лифт ішінде балалар қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Шақырту орнына келген ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары механикаландырылмаған қол құралының көмегімен кабинаның есігін ашып, іште қалған 2016 және 2022 жылы туған екі баланы шығарды, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.