жексенбі, 1 наурыз, 2026 22:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Таяу Шығыста зардап шеккен қазақстандықтар жоқ - СІМ

Таяу Шығыста зардап шеккен қазақстандықтар жоқ  - СІМ
Gov.kz
"Жаңа мәлімет шыққан кезде оны жедел жариялаймыз"

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыста ел азаматтарының зардап шеккені туралы ақпарат түспегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары арасында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Жаңа мәлімет шыққан кезде оны жедел жариялаймыз", - деп жазылған хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік органдармен және шетелдік билікпен тәулік бойы бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

"Қазақстанның шетелдегі елшіліктері күшейтілген режимге көшіп, отандастарымызға консулдық және құқықтық көмек көрсетуде. Өңір елдері мен транзиттік аймақтарда жүрген азаматтардың тізімдері жаңартылып жатыр. Мессенджерлерде арнайы чаттар ашылып, сұрақтарға жауап беріліп, елдегі жағдай туралы ақпарат пен ұсыныстар жеткізілуде", - дейді министрлік.

Сыртқы істер министрлігінде және шетелдегі елшіліктерде шұғыл байланыс желілері жұмыс істеп тұр. Қақтығыс аймағында жүрген азаматтардың нақты саны анықталып жатыр, бірақ транзиттік аймақтардағы адамдардың нақты санын айту қиын.

Дипломаттар туристік компаниялармен бірлесе отырып, әуежайлар мен транзиттік аймақтарда жүрген азаматтарға көмек көрсетіп жатыр.

Қазақстан азаматтарын қақтығыс аймағынан қауіпсіз түрде шығару бойынша жоспарлар пысықталуда. Қосымша ақпарат министрліктің ресми сайтында және Kaspi Travel қосымшасы арқылы жарияланады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар