Президент Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр
Кез келген халықаралық қақтығыс дипломатиялық тәсілдер арқылы шешілуі қажет.
Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдаллаға хат жолдап, Қазақстан қазіргідей сын сағатында бауырлас иордан халқына қолдау мен тілектестік білдіретінін жеткізді.