Президент жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Кристина Шумекованы құттықтады
Мемлекет басшысы Кристина Шумекованың алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының үш алтын медаль жеңіп алып, абсолютті әлем чемпионы атануын отандық спорт тарихындағы ерекше оқиға ретінде бағалады.
Президенттің айтуынша, мұндай жоғары жетістік – табиғи талант пен табанды еңбектің, темірдей тәртіп пен жеңіске деген мұқалмас жігердің жемісі.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Кристина Шумекованың алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.