Қазақстанға Қырғызстаннан гуманитарлық көмектің екінші партиясы аттанды
Қазақстанда су тасқынының зардап шеккендерге арнап Қырғызстаннан «Көмек керуені» гуманитарлық жүгінің екінші партиясы аттанды. Бұл туралы Қырғыз Республикасының төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Гуманитарлық көмек қырғызстандық сүт өнімдерінен – 10 мың литр айран, 14,2 мың қорап қаймақ, 10 мың литр сары май, 10 мың литр өсімдік майы, 20 мың тонна ірімшік, 80 мың тонна құрғақ майсыздандырылған сүттен тұрады.
Айта кетейік, 6 сәуір күні елімізге Қырғызстаннан 15 фургонға тиелген 300 тонна гуманитарлық көмек жеткен еді. Ол Қазақстанның су басқан төрт облысына таратылды.