Қоғам

Қырғыз белсенділері Қазақстанға қолдау көрсету марафонын ұйымдастырып жатыр

Әлеуметтік желірлерде ұйымдастырылып жатқан «112 сағат бойы Қазақстанға қолдау» марафоны 15 сәуірде Бішкек уақытымен сағат 15.00-де басталады. Марафонның мақсаты Қазақстандағы су тасқынына халықаралық қауымдастықтың назарын аудару екен.

Осынау кең ауқымды шараға танымал тұлғалар, қарапайым адамдар қатысады деп күтілуде. «Инициатива 112» бастамасы үйлестірушілерінің бірі әрі журналист Нуриза Чынтемированың айтуынша, тікелей эфир TikTok, Instagram тәрізді көптеген әлеуметтік желіде өтеді. Марафонда қайырымдылық үшін қаржы жинау мен су тасқынының зардабымен күресушілерді ақпараттық қолдау мақсаты да көзделген.

Марафон үздіксіз 112 сағатқа созылады. Іс-шараға қатысуға әркімнің мүмкіндігі бар. Ұйымдастырушылар түрлі платформалардың сілтемесін жариялап жатыр.

Марафонды қолдаушылар қарасы да аз емес. TÜRKSOY бас хатшысы Сұлтан Раев арнайы үндеу жасап қолдау білдірді.

Белсенді азаматтардың бірі Атай Бейшенбек Oimaqnews тілшісіне  шара 112 сағат бойы жалғасу үшін әлемнің көптеген елінен азаматтар қатысатынын айтты.

Марафонға төмендегі сілтемелер арқылы да қатысуға болады.

Фэйсбук https://www.facebook.com/initiative112

ТикТок https://www.tiktok.com/@initiative112?_t=8lPfK3ir2iV&_r=1

Инстаграм https://www.instagram.com/initiative112?igsh=MTVqcnNibzk3djd6ag==

Ютуб https://www.youtube.com/@initiative112-pr8bu