Энрике Иглесиас елімізге концертпен келеді
Әзірге қай күні өтетінін құпия ұстап отыр.
Әйгілі испан әншісі Энрике Иглесиас елімізге концертпен келеді. Freedom Ticketon компаниясы бұл ақпаратты растағанымен, қойылымның уақыты мен орны әзірге құпия сақталып отыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Энрике Иглесиас – заманауи поп-музыканың ең танымал өкілдерінің бірі, көптеген хит әндердің авторы және орындаушысы. Оның Қазақстанға келуі биылғы жылға жоспарланған ауқымды халықаралық іс-шаралардың бір бөлігі болмақ.
Бұған дейін хабарланғандай, 2026 жылдың соңына дейін Қазақстанда кемінде бес әлемдік деңгейдегі жұлдыздың концерті өтеді деп күтілуде. Олардың қатарында Timbaland, Tyga, Nicole Scherzinger бар.
Еске сала кетейік, өткен жылы Қазақстан нағыз «жұлдыздар шеруіне» айналған болатын. Елімізде Дженнифер Лопес, Робби Уильямс және аты аңызға айналған Backstreet Boys тобы өнер көрсетіп, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленген еді.