Әлеумет

СҚО-да түзеу мекемесінің бастығы ұсталды

Осы дерекке қатысты Kazinform сұрауына Ұлттық қауіпсіздік комитеті жауап берген.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 52 мекемесінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды.

Ресми емес мәлімет бойынша, түрме бастығы сотталғанды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға ықпал ету үшін пара алуы мүмкін.

Халық арасында "еркін қоныс" деп аталған № 52 түзеу мекемесі Қызылжар ауданы Ольшанка елді мекенінде орналасқан. Колонияны 2024 жылдан бері полковник Рүстем Рахметов басқарған.