Қоғам

"Тағы бір Салтанат": ажыраспақ болған әйелін ұрып құлатқан ер адамның ісі сотқа жіберілді

Блогер Жанна Ахметова Facebook желісінде тағы бір әйелге жасалған шабуылдың бейнежазбасын жариялады.

Онда күйеуі әйелінің телефонын сындырып, өзін ұрып кеткен.

Видеоны жариялаған Жанна Ахметова ер адамның үстінен жазылған арыз сәуір айының басынан бері Алмалы ауданының полиция басқармасында жатқанын, сараптаманың әлі дайын емес екенін жазған болатын. Алматы қалалық полиция департаменті оқиға бойынша тексеріс жүргізілгенін мәлімдеді.

"Оңбаған Таразға кетіп қалды. Естуімше, ол сол жақта белгілі заңгер ма, адвокат па, сондай бірдеңе. Мүмкін біреулеріңіз оны таныған шығарсыздар, мұқият қараңыздаршы. Не себепті ол әлі ұсталмаған? Кезекті әйел өлімін күтіп отырмыз ба", - деді Жанна Ахметова.

Алматы қалалық полиция департаменті оқиға бойынша тексеріс жүргізілгенін хабарлады.