""Тірі келсе екен": Атыраудағы қайғылы оқиғадан кейін отбасының туыстары пікір білдірді
Марқұмдардың туыстарының сөзін тележурналист Жанат Жақсыбайқызы әлеуметтік желі арқылы жариялаған.
Атырауда орын алған қайғылы оқиғаға байланысты кісі қолынан қаза тапқан ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның жақындары күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев ұсталғаннан кейін алғаш рет БАҚ өкілдеріне пікір білдірді. Бұл туралы Oimaqnews.kz turkystan.kz сілтеме жасап хабарлайды.
Марқұмдардың туыстарының сөзін тележурналист Жанат Жақсыбайқызы әлеуметтік желі арқылы жариялаған. Қайғы жұтқан отбасы өкілдері өздерінің жанайқайын жасырмай жеткізген.
Туыстарының айтуынша, әлі күнге дейін із-түзсіз кеткен Наурыз бен Мейрамгүлдің тірі табылуына үміт азайғанымен, ең болмаса сүйектері табылып, жер қойнына тапсыруға мүмкіндік болса екен деген тілек бар.
Еске сала кетейік, Атырау облысында болған қос кісі өлтіру дерегі бойынша күдікті Индонезияда қолға түскен. Қазақстан Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестерімен бірлескен операция нәтижесінде Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ер адамды ұстаған.