Қоғам

Димаш Михаил Шайдоровқа уәде еткен көлігін сыйлады

Бұл көліктің нарықтағы бағасы 34 миллион теңгеден басталады.

Қазақстанның халық әртісі, танымал әнші Димаш Құдайберген уәде еткен көлігін мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровқа табыстады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Михаил Шайдоров Милан Олимпиадасында топ жарғаннан кейін Димаш Құдайберген оны құттықтап, автокөлік сыйлайтынын айтқан.

Кейін белгілі болғандай, Димаш уәдесінде тұрып, Михаил Шайдоровқа Hyundai компаниясының Hyundai Palisade автокөлігін сыйлады. Бұл көліктің нарықтағы бағасы 34 миллион теңгеден басталады.