Сөзім емес, сабырым сөйлесін - Қарақат өзін сынағандарға жауап берді
- авторОймақ
- Бүгін, 12:05
- 26
Қазақ эстрадасының өкілі Қарақат Әбілдина марқұм әкесінің рухына арнап ауызашар беріп, бұл шара әлеуметтік желіде қызу талқыланды.
Өнер иесі жеке парақшасында әкесінің өмірден өткеніне жиырма жылға жуық уақыт болғанын жазып, қасиетті Рамазан айында дастархан жайып, Құран бағыштағанын жеткізді. Әншінің айтуынша, егер әкесі тірі болғанда, биыл тоқсан жасқа толар еді.
«Әке – асқар тау» деген сөздің мәнін уақыт өткен сайын тереңірек түсінетінін айтқан ол, әкесінің тәрбиесі мен қалдырған ізі отбасы жадында мәңгі сақталатынын атап өтті. Сол себепті жақындарының басын қосып, ауызашар ұйымдастырған.
Шараға өнердегі әріптестері қатысқан. Қонақтардың қатарында Бекболат Тілеухан да болғаны белгілі болды. Дастархан басында ән айтылып, бірқатар азаматтарға шапан жабылғаны да жазылды.
Алайда осы жайт көпшіліктің әртүрлі пікір білдіруіне себеп болды. Кейбір желі қолданушылары еске алу дастарханының тым сән-салтанатты өткенін айтып, сын пікір қалдырды. Олардың ойынша, мұндай шара қарапайым форматта өтуі тиіс еді.
Желіде туындаған сыннан кейін әнші пікір білдірді:
"Мынадай ақпарат таратып жатқан құдайдан қорықпайтындарға не деуге болады?! Алла кешіре көрсін! Қандай аяншыты едіңіздер... Рамазан айында жала – өзіңе ауыр жүк. Сөзім емес, сабырым сөйлесін", – деді ол.
Қоғамда еске алу дәстүрінің форматы мен мазмұнына қатысты көзқарас әртүрлі. Бұл жағдай да әлеуметтік желідегі пікір алуандығын тағы бір мәрте көрсетті.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
"Бақытты еткен құлыным": Гүлзира Айдарбекова ұлына ерекше тілек арнады
- авторОймақ
- 25 ақпан, 2026





