Ракеталық қару-жарақ басқармасына 13 жастағы қыз тағайындалды
КХДР басшысы Ким Чен Ын өзінің 13 жастағы қызы Ким Чжу Э-ні Пхеньянның ядролық күштеріне жетекшілік ететін елдің Ракеталық қару-жарақ басқармасына басшылық қызметке тағайындады. Бұл туралы Оңтүстік Кореялық БАҚ үкіметтегі жоғары лауазымды дереккөзге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Newsweek.
Басылымның мәліметінше, Ким Чжу Э бейінді ракеталық бюроның басшысымен деңгейлес лауазымға ие болған. Айта кетерлігі, генералдардың бір бөлігі басқа басқару деңгейлерін аттап өтіп, оған тікелей есеп бере бастаған.
Оңтүстік Кореяның Ұлттық барлау қызметі бұған дейін оны Корей халық армиясының болашақ қолбасшылығына дайындап жатқанын және оның ең ықтимал мұрагер екенін мәлімдеген болатын.