Қоғам

Мұғалімдер енді басы артық жұмысқа берілмейді

Қосымша жұмыс бергендерге айыппұл салынады.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мұғалімнің балаға тек сабақ үстінде, мектеп қабырғасында болған кезде ғана жауап беретінін айтты. Ал демалыс уақытында немесе түнгі мезгілде балаға ата-ана жауапты. Сондай-ақ мұғалімдерге басы артық жұмыс бергендерге айыппұл салуды ұсынды, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz 

Ол оқушыларға сабақтан тыс, демалыс кезінде, түнде ата-ана жауапты болуға тиіс екенін айтты.

Сондай-ақ ол мұғалімдерді қызметтік міндетіне жатпайтын іске салып қою мәселесіне тоқталды. Қазір мұндай әрекеттер үшін тек ескерту қарастырылған. Аймағамбетов аз мөлшерде болсын айыппұл салу қажет деп есептейді.