Саясат

Коронавирус: Мәжілісте маска тағу міндеттелді

Мәжілісте коронавирусқа байланысты маска тағып келу міндеттелді.

ӨДП МК бас санитарлық дәрігері Темірғалиева А.Қ 2024 жылғы 6 ақпандағы қаулысына сәйкес, Парламент Мәжілісі ғимаратының аумағында коронавирустық инфекцияға қатысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты міндетті түрде бетперде кию режимі және басқа да алдын алу шаралары енгізілген.

7 ақпаннан бастап жиналыстар мен басқа да бұқаралық іс-шаралар онлайн форматқа ауыстырылады немесе маска режимі мен санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізіледі.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов коронавирус жұқтырып алғаны белгілі болған еді. Сонымен қатар, Президенттің кеңесшісі Қанат Бозымбаев коронавирус жұқтырып алды. Ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі растады.