Әлеумет

Атыраудағы ерлі-зайыптының қазасына қызының да қатысы болуы мүмкін

"Екеуі де күдікті".

Атырау облысында өз үйінің сарайынан мәйіті табылған ерлі зайыптылардың қазасына қызының да қатысы болуы мүмкін. ІІМ күйеу баласымен қоса қызының да күдікті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесі 2025 жылдың күзінде із-түссіз жоғалып кеткен еді. Ата-анасы – Мақсот Қарабалин (1959 ж.т.) және Насипа Өтешқалиева (1961 ж.т.), балалары – Мейрамгүл Қарабалина (1990 ж.т.) мен Наурыз Мұқанғалиев (1993 ж.т.).