Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевқа республикалық референдумды ұйымдастыру және дайындық жұмыстары туралы мәлімет берілді.
Президент референдумды өткізу барысында ашықтыққа, заңдылыққа және барлық азаматқа тең жағдай жасау қажет екеніне баса назар аударды.