Мектеп оқулықтары 100 пайыз цифрлық форматқа көшірілді
Бүгінде мектеп оқулықтарының цифрлық форматқа көшірілу көрсеткіші 100 пайызды құрайды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz сайты Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Оқулықтар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді.
Бұдан басқа, робототехника, STEM, химия, физика, биология пәндері бойынша 1345 заманауи кабинет ашу жұмыстары жүргізілуде.
Жыл соңына дейін 20 өңірдегі 1072 мектеп заманауи кабинеттермен жабдықталды.