Астаналық бойжеткен "мигалкамен" безендірем деп, көлігінен айырылды
Бойжеткен айыппұл арқалады.
22 жастағы қыз Hyundai көлігінен айырылып, айыппұл арқалады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz. SMARTNEWS.KZ басылымына сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, астаналық қыз Hyundai көлігін «мигалкамен» безендіріп, автокөлігінен айырылды. Елордада жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылауға бағытталған рейд кезінде қалалық саябақтардың бірінде 22 жастағы қыздың басқаруындағы «Hyundai» көлігі тоқтатылды. Тексеру барысында оның автокөлігіндегі жарық сигналдық құрылғылар тек арнайы және жедел қызмет көліктеріне ғана рұқсат етілгенін анықтады. Заңсыз орнатылған жабдық оқиға орнында алынды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды, жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Елорда полициясы кез келген көлікке қосымша жабдық орнатпас бұрын міндетті түрде тіркеу мен келісім алу керектігін еске салды. Тәртіп сақшылары автокөлік иелерін өз бетінше «тюнинг» жасаудан бас тартып, жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау керектігін айтты.