Күні кеше Дональд Трамп өзінің TikTok парақшасында Криштиану Роналдуға жедел түрде Америкаға келуге шақырды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Португалия құрамасының көшбасшысына жолдаған видеоүндеуінде Трамп Роналдуды «тарихтағы ең ұлы футболшы» деп атап, оны АҚШ-қа келуге үндеді. Айта кетейік, биыл АҚШ, Мексика және Канада футболдан әлем чемпионатын қабылдайды.
«Сен бізге Америкада керексің!», – деді Трамп.
Сондай-ақ ол әлеуметтік желілерінде бұған дейін, қараша айында жариялаған футболшымен бірге жасанды интеллект арқылы жасалған бірлескен видеоны қайта жүктеген.
Ал Трамп әлеуметтік желіге ЖИ-роликтер жүктеп жатқан сәтте, Криштиану Роналду «Әл-Насрды» Сауд Арабиясы чемпионатында бірінші орынға шығарды. Португалиялық шабуылшы «Әл-Хаземге» қарсы матчта дубль жасап, «Әл-Наср» 4:0 есебімен ірі жеңіске жетті.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Қырғызстанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің қызметкері ұсталды
- авторОймақ
- 20 ақпан, 2026





