Саясат

Президенттің атына Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері атынан құттықтау жеделхаттары келіп түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мемлекет басшысын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, БАӘ президенті Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаян, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Вице-президент, БАӘ премьер-министрінің орынбасары және Президент әкімшілігінің басшысы Мансұр бен Заид Әл Нахаян, Марокко Королі VI Мұхаммед, Иран президенті Масуд Пезешкиан, Мысыр президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Кувейт Әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах, Палестина президенті Махмұд Аббас және басқалары құттықтады.

Президенттің атына құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.