Әлеумет

Ақтөбеде олимпиадалық резерв мектебінің оқушысы қайтыс болды

Оқушының өлімінің себебі анықталуда

 

Есет батыр атындағы олимпиадалық резерв мектебінің сегізінші сынып оқушысы мектепте есінен танып қалған. Жасөспірім жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.

Бір жылдан  уақыт бұрын Бексұлтан Әбубәкір еркін күрес бөліміне оқуға түскен. Сәуірдің 11-і күні сағат 21:30 шамасында жасөспірім құлап, есін жоғалтады. Дереу  жедел жәрдем шақырғанымен,  Бексұлтан көлікте қайтыс болды. Оқушының  өлімінің себебі анықталуда.