жұма, 20 қыркүйек, 2024 15:02

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақтөбеде олимпиадалық резерв мектебінің оқушысы қайтыс болды

Ақтөбеде олимпиадалық резерв мектебінің оқушысы қайтыс болды
фото Егемен Қазақстан
Оқушының өлімінің себебі анықталуда

 

Есет батыр атындағы олимпиадалық резерв мектебінің сегізінші сынып оқушысы мектепте есінен танып қалған. Жасөспірім жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.

Бір жылдан  уақыт бұрын Бексұлтан Әбубәкір еркін күрес бөліміне оқуға түскен. Сәуірдің 11-і күні сағат 21:30 шамасында жасөспірім құлап, есін жоғалтады. Дереу  жедел жәрдем шақырғанымен,  Бексұлтан көлікте қайтыс болды. Оқушының  өлімінің себебі анықталуда.

«Мектеп қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде (денсаулыққа ауыр зиян келтіру және қызметтік міндеттеріне адал емес қарау). Сараптама тағайындалды», - деп хабарлады Ақтөбе қалалық ІІБ.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар