жұма, 20 қыркүйек, 2024 16:10

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Егіздер үй астында қалды

Егіздер үй астында қалды
Фото: Алматы ТЖД
Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин лай көшкінінен кейін үйінді астынан іздестіріліп жатқан отбасы туралы айтты.

Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин лай көшкінінен кейін үйінді астынан іздестіріліп жатқан отбасы туралы айтты. 

Оның айтуынша, үйде ерлі-зайыпты мен 2007 жылы туған егіз ұлы болған. Балалар №48 мектепте оқиды. Олар сол күні сабаққа бармаған. 

«Мектеп директоры да осында. Түнде полиция басқармасы арқылы отбасының ұялы телефондарын іздедік. Телефондарға сигнал түскен жоқ. Телефондар үйде деген ақпарат бар», - деді әкім. 

Сонымен қатар ол көшкіннің ықтимал себептерін атады

«Үйлер дұрыс салынбаған. Дұрыс орнатылмаған дренаж жүйесі және таудағы үйлердің жүктемесі себеп болуы мүмкін. Қазір арнайы құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр. Кейінірек бәрі анықталады», - деді аудан әкімі.

Бұған дейін Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен Республикалық жедел-құтқару жасағының күштері үйінді астынан бір ер адамның денесін тапқаны туралы ақпарат шыққан еді. 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар