Спорт

Бүгін Софья Самоделкина бақ сынайды

Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі мәлім етті.

Бүгін, 19 ақпанда Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы тек бір ғана спорт түрінен сынға түседі.

Алғашында осы күні фристайл-акробатикадан ерлер арасында жарыстар да өтуге тиіс еді. Алайда қолайсыз ауа райына байланысты сайыс 20 ақпанға ауыстырылды.

Бүгін  мәнерлеп сырғанаудан Софья Самоделкина бақ сынайды.

Басталуы: 23:00