сейсенбі, 17 ақпан, 2026 12:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Тегін бартер дәуірі бітті: Қазақстанда 850 блогерден 500 млн теңге салық өндірілді

Тегін бартер дәуірі бітті: Қазақстанда 850 блогерден 500 млн теңге салық өндірілді
Freepik
Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік желіде табыс тауып жүрген блогерлердің жасырын кірістерін анықтап, шамамен 500 млн теңге салық өндірді.

Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік департаменті директорының міндетін атқарушы Ерқанат Шынберген 24KZ арнасындағы «ТҮЙІН» бағдарламасында мәлімдеді.

Тексеру 2022–2023 жылдардағы кірістерге жүргізілген. Жалпы камеральдық бақылауға 80 мыңға жуық азамат іліккен, оның ішінде шамамен 850-і  блогерлер.

Шынбергеннің айтуынша, салық органдары алдымен ескерту жібереді. Егер азамат талапты орындамаса, толық тексеріс басталып, қарыз тіпті жеке есепшоттан мәжбүрлі түрде өндіріліп алынуы мүмкін. Сонымен бірге әкімшілік жауапкершілік те қарастырылған.

Комитет блогер табысы тек ақша емес екенін ерекше атап өтті.
Жарнама үшін алынған кез келген сыйлық, тауар, қызмет немесе басқа материалдық пайда да кіріс болып саналады және оған салық төленуі тиіс. Әлеуметтік желіде табыс табу мақсатында жарияланған контент кәсіпкерлік қызмет ретінде қаралады.

Мемлекеттік кірістер комитеті деректері банктер мен мемлекеттік органдар мәліметтерімен салыстырылады. Егер сәйкессіздік анықталса, азаматқа хабарлама жіберіледі. Оған 30 күн ішінде салық төлеу, декларацияны түзету немесе түсіндірме мен құжат ұсыну қажет.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар