Мемлекет басшысы Ерсін Балтағұлмен кездесу өткізді
Президент спортшыны былтырғы Император кубогындағы табысымен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда сумо спортынан үлкен жетістіктерге жеткен қазақстандық балуан Ерсін Балтағұлмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Президент спортшыны былтырғы Император кубогындағы табысымен құттықтады. Ерсін ол сында сумодағы жоғары дәрежелердің бірі - «маэгашира» атағын иеленіп, «Канто-се» (жауынгерлік рух үшін) арнайы жүлдесіне ие болған еді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл марапаттың зор табандылық пен қажырлы еңбектің нәтижесі екенін атап өтті.
Кездесу барысында Президент Қазақстанның атын әлемге танытып жүрген жастарға мемлекет тарапынан әрқашан қолдау көрсетілетінін айтты:
Ерсін Балтағұл Президентке ілтипат көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, еліміздің жас спортшыларымен кездесуді жоспарлап отырғанын жеткізді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев балуанға алдағы уақытта да халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, ел абыройын асқақтатуға және Қазақстан мен Жапония арасындағы достықты нығайтуға үлес қоса беруіне тілектестік білдірді.