Саясат

Сенатта спорт саласына заңнамалық өзгерістерді енгізудің тиімділігі талқыланды

Ұлттық мүдделердің басымдығын күшейтуге бағытталған заңның негізгі жаңалықтары қаралды.

 

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Туризм және спорт министрлігінің басшылығымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ шамадан тыс заңнамалық регламенттеудің болдырмау туралы» ҚР Заңын іске асыру тақырыбында кездесу өткізді. Талқылау барысында саланың басқару тиімділігін арттыруға, бюджет шығыстарын оңтайландыруға және ұлттық мүдделердің басымдығын күшейтуге бағытталған заңның негізгі жаңалықтары қаралды.

Кездесуді ашқан Сенат Комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп қабылданған түзетулердің жүйелі сипатқа ие екенін және елдегі спортты дамытудың тұрақты моделін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

Министрлік өкілдері легионерлерді бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салу, басым спорт түрлерінің тізбесін айқындау, спорт саласында басқару вертикалін енгізу, сондай-ақ аккредиттелген спорт федерацияларының қызметін жүйелеу туралы хабардар етті.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа нормаларды іс жүзінде қолдану, орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік базаны одан әрі жетілдіру жөніндегі келесі қадамдарды талқылады.